Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 68-ге жетті

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Техастағы апатты су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 68 адамға жетті.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Керр графтығында 59 адам көз жұмған, тағы 9 адам көршілес аудандарда қаза тапқан. Сонымен қатар христиан жазғы лагерінен із-түзсіз жоғалған қыз балалардың саны 27-ден 11-ге азайғаны хабарланды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп су тасқынына байланысты Техас штатында төтенше жағдай режимін енгізді.

Еске салайық, Техаста нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, лай мен су тасқындары жүрген болатын. Құтқарушылар әлі де өзен жағалауларын тексеріп, үйінділерді қарап, із-түзсіз кеткендерді іздестіруде.

Бұған дейін кемінде 51 адамның, оның ішінде 15 баланың қаза тапқаны хабарланған еді.