«Америкалық тараптың алдын ала берген ақпаратына сәйкес,зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматы жоқ», - деді СІМ-нің ресми өкіліАйбек Смадияров.
Айта кетсек, АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасоқаласындағы сауда орталығында атыс болып, алдын ала ақпарат бойынша 20 адамқайтыс болған. Тағы 24 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
Десе де, кейбір БАҚ көздері атыстан 40 адамның зардапшеккенін хабарлайды.
Атысқа байланысты 21 жастағы жас жігіт ұсталған. Мексикапрезиденті Андрес Мануэль Лопес Обрадордың хабарламасына сай, қайтысболғандардың ішінде үшеуі мексикалық болған.
Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitterпарақшасында қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, оқиғаны «трагедия ғанаемес, қорқақтықтың көрінісі» деп атаған болатын.