Техастағы фермадағы жарылыстан 18 мыңнан астам сиыр қырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатындағы сүт фермасында жарылыс болып, 18 мың сиыр қырылып қалды. Жарылыстан кейін тұтанған өрт АҚШ тарихындағы фермадағы ең ірі өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт тез арада мыңдаған сиыр қамалған алаңқайларға жайылып үлгерді.

Оқиғаның себебі тексерілуде, бірақ Кастро округінің шерифі Сал Ривераның айтуынша, оқиға мал қораларда метанның жиналуына әкеліп соқтырған көңді шығару жүйесінің қызып кетуінен болуы мүмкін.