Техастағы торнадо 110 ұшақты бүлдірді

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Техас штатының Даллас әуежайында қала маңында болып өткен бірнеше торнадо салдарынан жүзден астаам ұшақ бүліншілікке ұшырады.  Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Форт-Уэрт әуежайы өкілдерінің айтунша, торнадомен бірге ірі бұршақ жауып, әуежайда тұрған 110 ұшақты бүлдірген. Ұшақтардың көпшілігі American Airlines және  American Eagle компанияларына тиесілі.

Ауа райының қолайсыздығ салдарынан әуежайда бірнеше жүздеген рейстер тоқтатылған.

Әртүрлі бағалаулар бойынша, Даллас пен Форт-Уэрт маңында алтыдан 12-ге дейін жойқын дауыл болып өткен.  Торнадо автомобильдер мен тіркемелерді әуеге көтеріп, үйлердің төбелерін жұлып әкеткен.

Торнадо салдарынан қаза болғандар туралы әзірге хабарланған жоқ. Дегенмен 15 адам зардап шеккені, олардың екеуі ауыр халде екені белгілі.

АҚШ-та торнадо маусымы көктемнің басында жиі болады. 2012 жылғы наурыз айында болған бірнеше жойқын дауылдың салдарынан Орталық Батыс штаттарда 40-қа жуық адам қазаға ұшыраған.