Техникалық реттеу саласындағы жаңа тәртіптер бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — 1 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (ЕЭК) кезекті отырысы шеңберінде техникалық реттеу саласында кейбір шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.
Қадағалау шараларын тексеру тәртібі бекітілді
Енді егер ЕАЭО елдерінің бірінде өндірілген өнім Одақтың техникалық талаптарына сай келмесе, және басқа елдің бақылау органы оған шара қолданса, осы шешімнің дұрыс-бұрыстығын ЕЭК арнайы тәртіп бойынша қарайды.
Бұл тәртіп даулы жағдайларды шешуге және әділдік орнатуға көмектеседі.
Химиялық өнімдерге қатысты жаңа ережелер бекітілді
- Химиялық заттар мен қоспалардың бірыңғай тізілімі қалай жасалатыны және жүргізілетіні анықталды.
- Жаңа химиялық заттарды тіркеу (нотификациялау) тәртібі белгіленді.
Бұл шаралар «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптарын орындауға көмектеседі.
Бұл өзгерістер не үшін керек?
- Химиялық өнімдер туралы барлық елдерде бірдей және өзекті ақпарат болу үшін.
- Компанияларға құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жеңілдету үшін.
- Қаржылық және уақыттық шығындарды азайту үшін (мысалы, қауіпсіздік паспорттарын дайындау кезінде).
Осыған дейін қазақстандық өндірушілерге ЕАЭО елдерінің сатып алуларына қатысу жеңілдей түсетіні хабарланды.