Қадағалау шараларын тексеру тәртібі бекітілді
Енді егер ЕАЭО елдерінің бірінде өндірілген өнім Одақтың техникалық талаптарына сай келмесе, және басқа елдің бақылау органы оған шара қолданса, осы шешімнің дұрыс-бұрыстығын ЕЭК арнайы тәртіп бойынша қарайды.
Бұл тәртіп даулы жағдайларды шешуге және әділдік орнатуға көмектеседі.
Химиялық өнімдерге қатысты жаңа ережелер бекітілді
- Химиялық заттар мен қоспалардың бірыңғай тізілімі қалай жасалатыны және жүргізілетіні анықталды.
- Жаңа химиялық заттарды тіркеу (нотификациялау) тәртібі белгіленді.
Бұл шаралар «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптарын орындауға көмектеседі.
Бұл өзгерістер не үшін керек?
- Химиялық өнімдер туралы барлық елдерде бірдей және өзекті ақпарат болу үшін.
- Компанияларға құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жеңілдету үшін.
- Қаржылық және уақыттық шығындарды азайту үшін (мысалы, қауіпсіздік паспорттарын дайындау кезінде).
Осыған дейін қазақстандық өндірушілерге ЕАЭО елдерінің сатып алуларына қатысу жеңілдей түсетіні хабарланды.