Техникалық ақау кесірінен коронавирус жұқтырғандар саны бір адамға артық көрсетілген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта қате кетіп, Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар саны бір адамға артық көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сoronavirus2020.kz мәліметінше, 2020 жылы 29 сәуір күнгі сағат 12:50-де Алматы қаласында үш оқиға тіркелген болатын.

Алайда техникалық ақауға байланысты, бір жағдай туралы ақпарат екі рет қайталанып кеткен.

«Осыған байланысты Алматы қаласында анықталған КВИ диагнозы - 926, ал Қазақстан бойынша 3078 науқас тіркелгенін хабарлаймыз» деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрлігі.