«Қазіргі кезде биылғы оқу жылына жоғары оқу орындарына түсу науқаны аяқталып жатыр. Бүгінгі таңда техникалық мамандықтарға қызығушылық артты деп айтуға болады. Біздің университеттегі жағдайға тоқталатын болсам, ағымдағы жылы оқуға түскен 2700 абитуриенттің 1300-і, яғни шамамен тең жартысы техникалық мамандықтарды таңдады. Жыл сайын осы көрсеткіш артып келеді. Техникалық мамандықтардың конкурсы да жоғары», - деді ЕҰУ проректоры ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы үшін кадрларды даярлау тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Абзал Тәлтенов бұл саладағы мамандықтарға қызығушылық жақсы деңгейде екенін атап өтті.