Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қазаннан бастап бұрын ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қ. бойынша департаменті директорының міндетін атқарған Оңғарбаев Жолдасбек Қасымұлы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмысқа кірісті. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жолдасбек Қасымұлы - Мемлекеттік стандарт жүйесінде қажетті біліктілік пен тәжірибеге ие кәсіби басшы. Оның келуімен оған сеніп тапсырылған бағыттар белсенді дамитындығына сенімдімін», - деді ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев жаңа орынбасарды ұжымға таныстыру кезінде.

Жолдасбек Оңғарбаев 1997 жылдан бастап техникалық реттеу саласында, ал Комитет құрылымында 1998 жылдан бастап мынадай лауазымдар атқарды:

10.1998 - Жезқазған қ. Жезқазған өңірі бойынша СТ және СИ қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор - Жезқазған өңірі бойынша СТ және СИ қадағалау жөніндегі өңірлік бөлімше басшысы;

11.2005 - директор, «Қазақстан метрология институты» РМК ҚФ, Қарағанды қ.;

11.2006 - аккредиттеу, метрология бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, Астана қ.;

12.2008 - директор, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ, Қарағанды қ.;

06.2014 - директор, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ», Астана қ.;

Ж. Оңғарбаев Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтын, Қарағанды «Болашақ» институтын тәмамдады.

Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасарлары өз орындарына қайта тағайындалды: Дұғалов Ғалымжан Тілектесұлы және Қазыбаева Шынар Советқызы.