Техникалық университеттер электрондық кітапханаларын бірлесіп пайдаланбақ

АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Техникалық университеттер алдағы уақытта электрондық кітапханаларын бірлесіп пайдаланбақ.

Бұл жайлы бүгін Алматыда «Политех» және университеттің ІТ-инфрақұрылымы» атты корпоративтік ақпараттық жүйенің таныстырылымында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Техникалық университеттер өздерінің электрондық кітапханаларын бірлесіп пайдалануына болады. Бәрі оның қажеттілігін, зияткерлік меншік екенін жақсы түсінеді. Сондықтан да ортақ түсіністікке келіп отыр. Енді үздік материалдарды іріктейтін орган құрылмақшы. Әзірбайжан техникалық университеті өз жүйесін де ұсынып отыр», - дейді аталмыш оқу орнының ректоры Жексенбек Әділов. Оның айтуынша, несиелік жүйе жағдайында электрондық құрамды тезірек құрып, оны барынша өркендету керек. Сондай-ақ электрондық кітапханада жүйелі түрде соны материалдарды енгізіп отыру қажет.