Техникалық және кәсіптік білім беру: мемлекеттік тапсырыс 50 мың орынға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл техникалық және кәсіптік білім беру үшін республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс 50 мың орынға ұлғайтылды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Білімді ұлт» Cапалы білім беру» Ұлттық жобасында 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100 пайыз (2022 ж. – 70%, 2023 ж. – 80%, 2024 ж. – 90%, 2025 ж. – 100%) қамту көзделген.

2023 жылы техникалық және кәсіптік білім беру үшін республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс 50 мың орынға ұлғайтылды. Қазіргі кезде мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі – 130 мың орын. Сондай-ақ 2022-2023 оқу жылында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан 75 мың талапкер тегін біліммен қамтылды», - делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.