Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары бекітілді

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы №642 қаулысымен Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары бекітілді.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.

Толық мәтін республикалық БАҚ-та бүгін жарияланды: http://www.egemen.kz/kz/resmi-b-lim-2/4816-aza-stan-respublikasy-kimetini-aulysy-642