Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бәсекелі ортаға сатылатын нысандарын саудаға қайта шығарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» басқарушы холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ бәсекелі ортаға тапсырылатын кейбір нысандарын саудаға қайта шығарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Сауда саттықтың ағылшын әдісімен иеліктен шығарылатын кейбір үлестерге қатысты электрондық аукционы www.gosreestr.kz веб-порталында 2015 жылғы 11 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 10-00-де өтеді.

Жекеменшік ортағы сатылатын нысандар мыналар :

1) «Алгоритм» Технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі - 3,98%, үлес иесі - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, бастапқы бағасы - 35 031 244 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

2) «Алгоритм» Технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі - 31,59%, үлес иесі - «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы - 262 743 844 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

3) «Сары-Арқа» технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі - 84,255%, үлес иесі - «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы - 462 766 038 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

4) «Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі - 53,66916%, үлес иесі - «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы - 210 955 684 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

5) «Алтай» Шығыс Қазақстан технопаркі» ЖШС, сатылатын үлесі - 21,6 %, үлес иесі - «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы - 309 205 444 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

6) «Тау-кен-металлургиялық жабдықтарының конструкторлық бюросы», сатылатын үлесі - 100 %, үлес иесі - «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы - 688 410 084 тенге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

7) «Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы», сатылатын үлесі - 100 %, үлес иесі - «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ, бастапқы бағасы - 577 535 001 теңге, үлестің кепілдікті жарна сомасы бастапқы бағаның 15%, бірақ 30000 АЕК-дан артық емес соманы құрайды.

Компания мүлікті иелігінен шығарған кезде сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар қарастырылғанын еске салады. Олар - объектілердің мамандандыруын және қызмет түрлерін сақтау, жұмыскерлердің жұмыс орындарын сақтау болып отыр.