республикалық көрме барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауызды қу шөппен сүртіп, ылғи жоқ-жоқ демей, осындай электронды оқу құралдарын және бағдарламаларды тиімді пайдалана білуіміз керек. Мен ақпарат құралдары өкілдеріне де осыны баса айтқым келіп отыр. Себебі бәріміз бір саладамыз, бір министрлікке қараймыз. Сондықтан осындай шараларды насихаттауымыз, халыққа көрсетуіміз қажет», дейді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
Ғазиз Телебаевтың айтуынша, осындай оқу құралдарының, бағдарламалардың электронды түрі бар екендігін мектеп мұғалімдеріне көрсетуіміз керек. Себебі қазіргі таңда тіпті шалғай ауылдардың өзінде де компьютерлік сыныптар бар, интернет желілері іске қосылған.
Сөз соңында Ғазиз Телебаев осындай шараларға министрлік әрқашанда қолдау көрсетіп отыратындығын, келесі жылы да көптеген істер атқарылатындығын атап өтті.