деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Кез келген қоғамда азаматтардың арасында заңда көрсетілген шеңберден шығып кету әркеттері болады. Ол төрт құбыласы сай деген мемлекеттерде де бар. Қазақта «біреу тойып, біреу тоңып секіреді» деген сөз бар ғой. Мұндай қылмысты тек қана қатаң жазалау арқылы жойып жібереміз деген дұрыс емес. Ондай біздің тарихымызда болған. Сталиндік қуғынның кезінде өте қатаң жазалаған. Бір уыс бидай алғаны үшін 15 жылға соттап жіберген жәйттер болды. Одан қылмыс төмендеген жоқ", дейді ҚР Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков. Оның айтуынша, қылмысты жазалау күрестің бір ғана бөлігі. Тек қана жазалау арқылы қылмысты жойып жіберу мүмкін емес. Ол біріншіден, қоғамдағы мәдениетке байланысты. Одан кейін қоғамның өсіп-өркендеу деңгейіне және құқықтық тәрбиеге, мемлекеттің атқарып отырған жұмысына байланысты.