Текелі қаласында бір күнде 10 есірткі саудагері ұсталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлері Текелі қаласында жүргізген операция барысында есірткі саудагерлерінің екі тобын қолға түсірді.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыстық топтар бірнеше ай бойы есірткі заттарын сатумен айналысып келген.

Қазіргі таңда барлығы 10 адам ұсталды, олардың үстінен 23 қылмыстық іс қозғалып отыр.