Текеліде өндіріс орнынан 20 келіден астам күкірт қышқылы жоғалып кетті
07:39, 17 Мамыр 2012
ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 мамыр. ҚазАқпарат - «Допинг» операциясының барысында Текелі қаласында улы заттарды есепке алу және қолдану ережелерінің бұзушылығы анықталды.
Облыстық ІІД-нің бапсасөз қызметінен хабарланғандай, қалалық кәсіпорындардың бірін тексеру кезінде облыстық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері улы зат болып табылатын күкірт қышқылының 20 келі 200 грамының жетіспейтіндігін анықтады.
Кәсіпорында улы заттың сақталуы мен қолданылуына жауапты қызметкерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 263-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қызметі күкірт қышқылының жоғалу себебін анықтайтын болады. Ұсталған азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатты толтырды.