Текеліде жеке үйде әскери граната табылды
14:39, 26 Тамыз 2014
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Текелі қаласында жеке үйде әскери граната табылды. Жарылғышты тұрғындардың бірі өз қорасының шатырын қалыпқа келтіріп жатқанда тапқан. Бұл туралы ол жергілікті қалалық ІІБ-ге хабарлаған.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнына шыққан мамандар, оның «УЖРГМ 1989 ж. ш» зауыт маркілі жарылғышы бар «Ф-1» гранатасы екенін анықтаған.
Гранатаны тат басқан. Полицейлер оны арнайы контейнерде әскери бөлімдердің бірінің полигонына апарып жойған.
Жарылғыш затты табу фактісі бойынша полиция тергеу алды тексеріс жұмыстарын жүргізуде.