«Еліміздегі коронавирусқа байланысты Қарасай ауданы полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға тексеру жүргізді. 2021 жылдың 14 тамызында сағат 17:14-те Қарасай ауданында орналасқан «МұзТау» мейрамханасы карантин талаптарын ескермей той ұйымдастырып жатқаны, сонымен қатар, келушілердің кіру барысында дене қызуы өлшенбегендігі анықталды»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.
Ведомсвтоның мәліметіне сәйкес, анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.