Тель-Авив қаласындағы дәмханада болған атыстан 4 адам мерт болды
07:52, 09 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тель-Авив қаласының орталығындағы Сарона базар кешенінде орналасқан дәмхана келушілеріне қаруланған екі адам оқ жаудырды. Оқиғадан 4 адам қаза тауып, 16 адам жараланды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Бейне-бақылау камераларында екі ер адамның дәмханаға кіріп, оқ жаудырғаны, адамдардың қаша жөнелгені түсірілген. Сарона базар кешені директорының айтуынша, күзетшілер оларды кешенге кіргізбеген. Соның арқасында адам шығыны аз болып отыр.