Тель-Авивте ДДСҰ ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі өтуде
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Үшкүндік кеңес ауқымында тамақтандыру проблемалары, дене белсенділігі мен семіздік бойынша еуропалық стратегияның жаңа сериясын дамыту талқыланбақ, ол ДДСҰ Еуропалық аймағы үшін азық-түлік өнімдері мен тағам саласындағы үшінші іс-қимыл жоспарын жасауға негізге алынбақ.
Бұдан басқа, міндеттердің қатарында - барлық еуропалық 53 мүше-мемлекеттерде тамақтандыруды жақсарту, халықтың дене белсенділігін деңгейін арттыру саласында қол жеткізген ілгерілеушілігі, сондай-ақ Еуропалық хартия ауқымында семіздіктің алдын алудағы стратегиялық іс-қимыл және 2007-2012 жылдарға арналған азық-түлік және тағам саласындағы іс-қимыл жоспары қаралады.
Сондай-ақ тұзды, трансмайлы қышқылдарды пайдалану, балаларға бағдарланған азық-түлік маркетингі, тамақтандыру мәселелері бойынша қызметтерді денсаулық сақтау жүйесіне ықпалдастыру, ДДСҰ-ның Еуропалық аймағында микронутриенттердің жетіспеушілігі, емшек жасындағы сәбилерді тамақтандыру, тамақтандырудың бұзылуы мәселелерін қарау жоспарлануда.