Телебағдарламада бала сүю бақытынан айырылған отбасына нәресте сыйлады

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Пәкістанда телебағдарлама рейтинг үшін бала сүю бақытынан айырылған отбасына нәрестені сыйлады, деп хабарлайды 24. kz сайтынан.

Танымал теледуманның кезекті санында оның жүргізушісі көрпеге оранған баланы көрермендердің алдына алып шықты. Кейіннен ол сәби перзенті жоқ ерлі-зайыптыларға тапсырылды. Қуанышы қойнына сыймаған ана қыз баланы «Рамазан сыйы» деп атады. Себебі бағдарлама барша мұсылман үшін қасиетті аймен бірге басталған болатын. Айта кетейік, көрермендерді тарту үшін бағдарламалар түрлі әдіс-тәсілдерге барады. Мысалы, алдыңғы жылы индуизмді ұстанып келген адамның ислам дінін қабылдауы тікелей эфирде берілді.