Телебағдарламаларды шектен тыс көру ми құрылымын бұзатынына Тохоку университетінің ғалымдары сенімді. Олар 5-18 жас аралығындағы балалардың ми құрылымын зерделеп, зерттеу жүргізгенде, теледидар экраны алдында көп отырған мидың интеллектуалды дамуына кері әсерін тигізетінін анықтаған, - деп жазады The Daily Mail.
Тәжірибеге қатысқан барлық балалар теледидарды күніне 4 сағаттан көреді, бір рет көру ұзақтығы екі сағатқа жуықты құраған. Осыдан кейін ми құрылымында өзгеріс оның бөліктері мен өзгерістерін айқындауға мүмкіндік беретін түсірілімдер сериясы - МРТ көмегімен тіркелді.
МРТ экран алдында көп уақытын өткізген балаларда мидағы сұр заттың көп мөлшері мидың маңдай тұсы - фронтополярлық қыртысы жағында жинақталғанын көрсетті. Осы жерде сұр зат қалыпты дамып келе жатса, жас ұлғайған сайын ол азайып отыру керек екен: зерттеу IQ жоғары деңгейдегі адамдардың фронтополярлық қыртысы әлсірейтінін көрсетті.
Маңдай тұсына сұр заттың жиналуы баланың ой-өрісінің дамуы - сөз сөйлеу, түсіну, сөз мағынасын есте сақтау қабілетіне әсер етеді. Фронтополярлық қыртысы үлкен балалар сөздің мағынасын түсінуі қиындап, сөздік қоры азая түседі екен.