Үйімізде күндіз-түні қосылып тұратын теледидар тек электр қуатын жұмсап қана қоймай, сонымен қатар балалардың дамуына кері әсерін тигізетін көрінеді.
Балалардың сөйлеу қабілеті ата-аналарымен қарым-қатынас жасаған кезде жақсы дамиды. Ата-аналары ақылын айтады, бала тыңдайды. Ал үйде көбіне теледидар сөйлеп тұрса, ата-ана мен баланың арасы салқындауға әкеліп соғады.
Зерттеу кезінде мамандар 2,3 және 4 жастағы балаларды ата-аналарына алдымен тыныштықта, сосын теледидар қосылып тұрған бөлмеде ойнауларын сұраған. Теледидар қосулы тұрған бөлмеде ойнаған кезде ата-аналар балаларымен сирек сөйлескені байқалған.
«Баланы дамытудың бірден-бір тәсілі ол - ойын! Бала жаңа сөздердің көпшілігімен ата-анасымен ойнау кезінде таныса алады. Балалармен ойнау керек, бірақ теледидар алдында емес», - дейді зерттеудің авторы Тиффани Пемпек.
Айта кетейік, Америкалық педиатрия академиясы 2 жасқа дейінгі балаларға теледидарды мүлде көрсетпеген абзал деп кеңес береді.