Телефон лаңкестері бір уақытта Алматы облысына қарасты бірқатар қалада бомба қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратты

None
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Телефон лаңкестері бір уақытта Алматы облысына қарасты бірқатар қаланың халыққа қызмет көрсету орталықтарына бомба қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратты,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, маусымның 1-і күні кешкі сағат 22:05-те Талдықорған қалалық ішкі істер департаментіне бомба қойылғандығы туралы ақпарат түскен. Хабарлаушының мәліметі бойынша, Тәуелсіздік көшесіндегі 67/а үйде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына жарылғыш зат қойылған.

Дәл осындай ақпарат сол күні жоғарыдағы оқиғадан 5 минуттан кейін Сарқанд қалалық ішкі істер бөліміне хабарланған.

Екі оқиғаға қатысты жарылғыш заттарды іздестіруге орай өткізілген арнайы іс-шаралар барысында ақпараттардың жалған екендігі мәлім болды.