Байланыс операторы хабарлағандай, қырғызстандықтар байланыс қызметін төлеу пунктеріне барып, ардагерлердің дербес есепшотына ақша аудара алады, ал Бішкек қаласының тұрғындары Бішкек поштасының байланыс бөлімдеріне барып та қайырымдылық шарасына қатыса алады.
Сондай-ақ абоненттерге ыңғайлы болу үшін Қырғызстан бойынша бірыңғай нөмірлер ашылған, сол нөмірлерді теру арқылы ақша автоматты түрде аударылады: 0 803 1945 020 - 20 сом, 0 803 1945 050 - 50 сом и 0 803 1945 100 -100 сом.