Телефоныңызға қысқа уақытта көп хабарлама келсе, алаяқтар болуы мүмкін – полиция

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысының полицейлері азаматтарға телефон нөміріне жаппай SMS-хабарламалар келетін «СМС-бомбинг» жағдайында сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

Фото: Polisia.kz

- СМС-бомбинг кезінде телефонға қысқа уақыт ішінде көптеген хабарлама келуі мүмкін. Олардың арасында әртүрлі сервистерге тіркелу туралы хабарламалар, жарнамалық ұсыныстар және кіруді растау кодтары болуы ықтимал, - делінген ақпаратта.

Осындай жағдайда алаяқтар телефон арқылы өздерін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырады. Ол жаппай SMS-шабуылды анықтағанын хабарлап, абонентке «антиспам» қызметін қосуды ұсынып, келген SMS-кодты айтуды сұрауы мүмкін. 

- SMS арқылы келген растау кодын басқа адамдарға бермеңіз. Мұндай кодтар аккаунтқа кіруді немесе белгілі бір операцияны растау үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер телефонға қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде хабарлама келсе сабыр сақтап, келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз. Қажет болған жағдайда телефонды уақытша авиарежимге ауыстырыңыз. Мобильді байланыс операторына хабарласып, жағдай туралы ақпарат беріңіз, - делінген хабарламада. 

Егер SMS-код бөгде адамға айтылып қойса, тиісті сервиске, банкке немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарласқаныңыз жөн. 

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда алаяқ бір пәтерді 25 рет «сатқаны» хабарланған