«Телегазет» жобасының тұсауы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында жүзеге асырылған жобалар қатарында «Телегазет» жобасының тұсауы кесілді.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің бастамасымен қолға алынған «Телегазет» жобасы «Отау ТВ» ұлттық телехабар тарату желісі арқылы газеттерді электронды нұсқада 3 млн. адамның оқуына мүмкіндік жасады.

«Кең-байтақ еліміздің әр өңіріне Қазақстанда болып жатқан жағдайды, саясатты жеткізуіміз керек. Ел халқы осы жүргізіліп жатқан жұмыстарды жергілікті жерлерде қолдап, азаматтарымыз барлығынан мәлімет алсын, іске асырылған бағдарламаларды көрсін, өз тараптарынан мемлекетке көмек жасасын деп мақсат тұтып отырмыз», - деді Президент.