Бұл туралы Қазақстанның бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов мәлім етті.
«Көрсетілген парақшаларға және аккаунттарға кіру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін болған. Сондай-ақ, ел аумағында есірткі құралдары мен прекурсорларды Қазақстанның ірі қалаларына жеткізіп отырған 4 шетелдік сайт жұмыс істеп келген. Бұл сайттардың кәмелетке толмағандар арасында танымал және оларға қол жетімді екені алаңдатады», - деп жазды Ернат Сыбанқұлов Facebook желісінде.
Нәтижесінде, ҚР Көлік прокуратурасының бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті 56 аккаунт-боттың қызметін заңсыз деп танып, оларды бұғаттаған.