Android жүйесіне арналған Telegram 12.9 бета-нұсқасында хабарламаларды кеңейтілген форматтауға шектеу енгізілгені анықталды. Бұл мүмкіндік тек Telegram Premium жазылымына ие пайдаланушыларға қолжетімді болады.
Сонымен қатар, кеңейтілген редактордың өзі барлық қолданушылар үшін ашық күйінде қалады. Алайда осы құралдар арқылы рәсімделген хабарламаны жіберуге әрекет жасағанда, қосымша ақылы жазылымның бар-жоғын тексереді.
Жаңа редактор мәтінді кәдімгі құжатқа ұқсас етіп рәсімдеуге мүмкіндік береді. Пайдаланушылар тақырыптар, дәйексөздер, код блоктары, төменгі ескертпелер (футерлер), маркерленген және нөмірленген тізімдер, чек-парақтар (check-list), сондай-ақ жиналмалы мәтін блоктарын қолдана алады.
Бұдан бөлек, мұндай хабарламаларға суреттерді, аудиофайлдарды, геолокацияны қосуға және Telegram Premium эмодзилерін пайдалануға болады.
Айта кетейік, кеңейтілген форматтау жүйесі мүлде жаңа мүмкіндік емес. Telegram 12.8 нұсқасында кестелерді, формулаларды және дәйексөздерді қамтитын Markdown белгілеу тілін қолдау енгізілген болатын. Алайда ол кезде бұл мүмкіндік тек боттарға ғана қолжетімді еді.
Бұған дейін жүргізушілерге арналған telegram-бот іске қосылғанын жаздық.