«Telegram желісі басшысының айтуынша, тек қылмыстық контенттерді таратушының жеке мәліметтері берілуі мүмкін. Заңсыз контенттердің алдын алу және пайдаланушылардың құқығын қорғау мақсатында біз бұл жаңашылдықты қолдаймыз. Біз тек Telegram желісімен ғана емес, басқа да әлеуметтік желілер басшылығымен тығыз жұмыс жасауды жалғастырамыз. Әсіресе тәуекел тудыратын балаларға қатысты заңсыз контенттердің таралуы маңызды болып отыр», - деді Қанат Ысқақов Astana Media Week іс-шарасы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Telegram пайдаланушыларының телефондары мен IP мекенжайлары құқық қорғау органдарының ресми өтініші бойынша қауіпсіздік қызметкерлеріне ашылады. Мұны күні кеше мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров хабарлады.