Telegram мессенджері жұмысында ақау болды
01:20, 09 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Telegram мессенджері жұмысында айтарлықтай ақау болды.
Telegram-да болған ақау туралы орыс және украин тілді қолданушылар сегменті хабарлады. Еуропа және Таяу Шығыс сондай-ақ Азия елдерінде болған ақауды әлем бойынша сайттардың жұмысын бақылайтын Downdetector порталы растады.
Мессенджер шамамен 1,5 сағат уақыт жұмыс істеген жоқ. Кейбір қолданушыларда ашылмаса, енді біреулерде жаңармай тұрып алған.