«Telegram Оңтүстік Кореядағы тергеу аясында өз платформасында порнографиялық материалдардың таралуын тоқтата алмағаны үшін кешірім сұрады. Бұл Оңтүстік Корея полициясы Telegram-ға шифрланған хабар алмасу платформасында жасанды интеллект арқылы жасалған жасөспірімдердің ашық суреттерімен қоса дипфейк деп аталатын порноның таралуына «көмектесті» деп тағылған айыппен байланысты», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Оңтүстік Корея Telegram-ға қарсы тергеу жүргізіп жатқаны туралы хабарлаған едік.
Дипфейк-порно жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, адамдардың бет-әлпеті басқа порнографиялық суреттерге немесе бейнелерге цифрлық түрде орналастырылатын ашық мазмұнды қамтиды.
Еске сала кетейік, Ресейден шыққан миллиардер, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров кеше Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ұсталды. Оның жанында құрбысы және оққағары болған.
Араға уақыт салып Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.
Айта кетсек, П. Дуровтың қамауға алынуы Telegram рейтингісін жақсартты.