Telegram-да кез-келген чаттағы хабарламаларды автоматты түрде жою, топтар мен каналдарға шақыруға арналған уақытша сілтемелер, сонымен қатар телефонның негізгі экранынан чаттарға жылдам қол жеткізуге арналған виджеттер пайда болды. Сондай-ақ, қазір топтағы қатысушылар санына шектеу жоқ», - делінген хабарламада.
Жаңа функция барлық чат қатысушылары үшін хабарламаларды автоматты түрде жою функциясын орындағаннан кейін 24 сағат немесе жеті күн ішінде баптауға мүмкіндік береді.
Бұрын автоматты түрде жою мүмкіндігі тек құпия чаттарда ғана болатын.