«Бүгiн «Қазақстан» арнасы телехикаялар саны бойынша көш басында тұр. 2009 жылы небәрi 6 телехикая түсiрсек, қазiр 40 шақты өнiмге дейiн ұлғайды. Ал эпизодтар саны 100-ден 900-ге дейiн артты», - деп атап өттi ол.
Н. Мұхамеджанованың сөзiне қарағанда, телехикаялардың тақырыптары түрлi болғанымен, олар ұлттық құндылықтарды әспеттеуге шақырады.
«Телехикаялардың өз тақырыптары бар. Бiз олар арқылы Отанға деген сүйiспеншiлiктi, баланың ата-анаға деген құрметiн, үлкендердi сыйлау сынды құндылықтарды насихаттаймыз», - дейдi телеарна басшысы.