«Байланыс тораптарын айналып өту үшін халықаралық трафикті өткізу мақсатында телекоммуникация желілеріне арнайы бағдарламалық немесе аппараттық құралдар арқылы заңсыз қосылу – 2 000 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен 2 жылға дейінгі мерзімге айналысу құқығынан айыруға жазаланады», - деп көрсетілген құжатта.
Құжаттың түсіндірмесінде жазылғандай, іс жүзінде адамдар телекоммуникация желілеріне арнайы бағдарламалар мен аппараттар арқылы қосылады. Осылайша олар «Байланыс туралы» ҚР Заңын бұзады.
«Кіретін/шығатын заңсыз трафиктің ұйымдастырылған техникалық схемасы террористік ұйымдар мүшелерінің халықаралық қоңырауларын (қаңтар оқиғалары кезеңіндегідей) тіркеуге мүмкіндік бермейді. Олар байланыс операторларының биллингінде жергілікті қоңыраулар ретінде көрінеді. Жоғарыда айтылғандар байланыс операторларының желілерінде қылмыстық элементтердің келіссөздерін бақылау бойынша іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік бермейді. Қоңырау шалған ұялы телефон арқылы қылмыскерлерді іздеу кезінде бір SIM-картада 100-ден 1000 ұялы нөмірге дейін болады», - делінген жаңа редакцияда.
Жаң жобасын әзірлеушілер бұл норманы енгізу Ұлттық қауіпсіздік комитетіне экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жұмыстары барысында ақпарат алу аясын кеңейтетінін атап өткен. Өйткені, мұндай бастама желілерге заңсыз қосылу туралы жасырын фактілерін анықтайды.