Видеода ер кісінің жаңбырдан бүркеніп тұрған қолшатырына жай түскені байқалады.Найзағай соққан сәтте тележүргізуші айқайлап, қолшатырын лақтырып жіберген.
«Мен қолымнан ұшып жатқан сары түсті ұшқынды көрдім, қолым қимылдамай, жансызданып қалды», - деді тележүргізуші.
Оның айтуынша, таспада ұшқын көрінбейді, себебі оның қуаты қатты болмаған. «Өйтпегенде қазір мен сіздерге басымнан өткен жағдай туралы баяндап тұра алмас едім», - деді ол.