Бұл Қазақстанда темекi тұтыну туралы тұрғындар арасында алғашқы Ғаламдық сауалнама (GATS) өткiзу барысында анықталды. «Жалпы шылым шегетiндердiң 97,6 пайызы темекi қорабының сыртындағы ескертпе суреттердi байқаған. 58 пайызы қорап сыртындағы ескерту суреттерден шылым шегуден бас тартуды ойластырып жүргендерiн айтқан», - дедi ол.
Аталған ғаламдық сауалнамаға барлығы 4 425 адам сұрауға қатысты. Олардың iшiнде 2 085 - ер азаматтар, 2 340 - әйелдер. Зерттеу нәтижесi бойынша ерлердiң 42,4 пайызы темекi шегедi, ал әйелдердiң үлесi бiршама төмен - 4,5 пайыз. Жалпы Қазақстан халқының 22,4 пайызы немесе 2,8 миллион адам темекi шегеді.