Бірақ та, "SOVEREIGN" темекісін өндіруші «Джей ти ай Қазақстан» ЖШС (Алматы облысының Іле ауданы) ескертуді тек ер азаматтарға арнап, қулыққа барған сыңайлы - мәтіннің мазмұнына көз салыңыздаршы: себебі белсіздік әйелдерге емес, ер азаматтарға тән ауру ғой.
Ал «Philip Morris Products S.A." компаниясының ескертуіне назар аударсаңыздар, ол кері тактика таңдаған. Оның "PARLAMENT" темекі өнімінің қорабында: «темекі өнімдерінің түтінінде формальдегид, бензол және көміртек монооксиді бар, жүктілік кезінде темекі шегу сіздің нәрестеңізге зиян келтіреді» делінген.
Егер, Қазақстанда ер азаматтардың әзірге босанбайтынын ескерсек, онда жігіттеріміз "PARLAMENT" темекісін, ал белсіздік ауруы төнбейтін қыз-келіншектер "SOVEREIGN" темекісін алып шегулері керек қой сонда. Сіздерді қайдам, темекі компанияларының жоғарыдағы ескертулері мені осындай түйінге итермелейді.
Темекі қорабына «темекі шегу туберкулез, өкпе рагі және т.б.с.с ауруларға әкеледі» деген ескертулер жазылса, темекі шегушілерді өз денсаулықтары шын мәнінде ойландырар ма еді, кім білсін?!