Бұл туралы muslim.kz хабарлады.
Темекі саудасына тыйым салатын заң жобасы өткен жылдың сәуір айында қабылданған болатын. Алайда, аталмыш заң күші арада тоғыз ай өткен соң ғана толық күшіне еніп отыр. Әрине, бұл тыйымға наразы болғандардың басым көпшілігі дүкен қожайындары болып шықты. «Біздер айына 60-70 мың қорап темекі сататынбыз. Енді өз бизнесімізді тыйым салынған аумақтан тыс жерде жүргізуге мәжбүр болып отырмыз, - дейді дүкен иелерінің бірі, - болмаса жасырын сауда жасайтын шығармыз. Тек сенімді сатып алушыларға ғана көрсетілетін бұл қызметтің құны қымбат болатыны ғажап емес». Қалай дегенмен де, дүкен қожайындары бұл тыйымның жойылуынан үміттенетінін де жасырмайды.
Ал, қоғам мүшелері, әсіресе, ата-аналар бұл тыйымның тиімділігіне шәк келтірмейді. Бұл тыйым басқа да араб әмірліктерінде баса мән беріліп отырған темекі саудасынан жас жеткіншектерді жаман әдетке үйір болуынан сақтаса, ащы түтінге аңсары ауғандардың темекіні тастауына септігін тигізеді деп сенеді.