деп хабарлайды ұйымдастырушылардың ресми сайты.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, байқауға материалдар келесідей тақырыптарда ұсынылуы тиіс:
- - Ұлттық саясат және Қазақстандағы темекі тартуды бақылауға алудың жетістіктері;
- - Темегі шегуге қарсы шараларды насихаттау (соның ішінде «Алматы темекі түтінінен таза қала» бағдарламасының аясындағы шаралар);
- - Темекі шегу мәселесін шешудің тиімді жолдары және алдын алу бағытындағы ұсыныстар.
Тілшілер мен қоғам қайраткерлерінен құралған байқаудың әділқазылар мүшесі 2011 жылдың қаңтар мен желтоқсан айларында жарияланған теле-, радио-, газет материалдарын, сонымен бірге блог-жарияланымдарды оқып, үздіктерін сұрыптайтын болады.
Жұмыстар 1 желтоқсанға дейін nosmoke_kaz@mail.ru интернеттегі пошта адресі бойынша қабылданады. Материалдарды «Журналистер байқауы үшін» деген атпен ерекшелеп қою қажет.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша ақпараттар www. nosmoke.kz , www.almatysmokefree.kz сайттарында қойылған.