Сотта Б. қоғамдық орында бола тұра, темекінің тұқылын белгіленбеген жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.
Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған бір тәулiк мерзiміне әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды sud.kz.