Темекі өнімдеріне салық салу саласына тоқталған министр: «Еуразиялық экономикалық одақ аясында темекі өнімдеріне арналған акциздердің мөлшерлемелерін үйлестіру жөніндегі міндеттемелер қабылданды. 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс. Міндеттемелерді орындау үшін темекіге акциздерді кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады», - деді.
Оның айтуынша, темекі өнімдерінің басқа түрлері бойынша, соның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ескерілген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде елімізде пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артатыны айтылды.
Сонымен қатар цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейтілмек.