Темекінің бағасы екі есеге қымбаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея билігі шылымқұмарлардың санын азайту мақсатында темекі құнын екі есеге өсіруді жоспарлауда. Қазір елде ер адамдардың жартысына жуығы темекіге әуестенген, деп жазады Би-Би-Си.

Оңтүстік Корея денсаулық сақтау министрлігінің басшысы темекі шегу ұлт саулығына аса қауіпті екенін айтты.

Үкімет темекіге салықты көтермекші, яғни бір қорап темекінің құны екі долларға дейін ұлғаяды деген сөз. Сондай-ақ темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу жоспарлануда.