Рудный полиция басқармасының басшысы Әлім Бәжікбаев айтқандай, бұл акцияға еріктілер тобы белсене қатысты. Олар қоғамдық орындарда, автобус ішінде адамдардың бір тал темексін бір алмаға алмастырды.
«Алма өкпе ауруларының өршуіне қарсы күресе алатын шипаға ие. Ғалымдар апта ішінде екі алманың өзі көмектесетінін дәлелдеді. Әсіресе, бұл жемістің көк түстісі шылымқорлардың зиянды әдеттен арылуына көмектеседі. Акцияға кездейсоқ жүзбе-жүз жолыққан 30 шақты адам қатысты. Әрине, мұны әркім әртүрлі қабылдады. Әлдебіреуі бір алма үшін бір тал темекіден бас тартуға қарсылық білдірген жоқ, ал енді бірі шылымнан тұтас қорабымен бас тартты», - дейді қоғамдық көмекші, еріктілер тобының мүшесі Мария Зюванова.
Осылайша рудныйлықтар қызықты әрі тиімді акцияға бастама болды. Олар бұл шараның әрі қарай жалғасын табатынына сенімді.
Полиция департаментінде атап өткендей, статистикаға бойынша Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам темекі кесірінен көз жұмады екен. Табак өнімдерін тұтыну - онкологиялық көптеген аурудың басты себепшісі.