Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқитын жігіт көпшілік жерде темекінің қалдығын жерге тастай салған. Астана қаласының әкімшілік соты ҚР ӘҚК 330 бабына сәйкес, ұсақ бұзақылық жасаған бұл азаматты төрт тәулікке қамады. Ол 2012 жылы дәл осындай бұзақылық жасап, айыппұл төлеген екен.
07:45, 24 Қаңтар 2014
Темекісін жерге тастаған астаналық 4 тәулікке қамалды
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада қоғамдық орында темекі тұқылын тастаған студент төрт тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.