«Темір адам» сайлауда белсенді болуға шақырды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Темір адам» атағын бес мәрте иеленген ардагер спортшы, Жетісу облысы Ескелді ауданының тұрғыны Бақытжан Бектенов сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: gov.kz

«Елімнің азаматы ретінде таңдау жасадым. Сайлауда әрбір адамның дауысы маңызды. Сондықтан жетісулықтарды осындай тарихи мәні зор науқаннан қалмауға шақырамын», - деп келтіреді спортшының сөзін өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Атап өтсек, Бақытжан Бектенов акватлоннан, дуатлоннан және триатлоннан Қазақстан, Қырғызстан және Азия чемпионаттарының жеңімпазы.