Темір жол билеттерінің бағасы көтерілмейді - «Жолаушылар тасымалы» АҚ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңге бағамына түзетулер енгізілуіне байланысты темір жол тарифтері көтерілмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ермек Төлегенов мәлім етті.

«Былтыр біз 20 млн. 450 мың жолаушыны тасымалдадық. Биылғы қаңтар айының өзінде 1 млн. 675 мың жолаушы тасымалдадық, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 600 жолаушыға артық», - деді Е. Төлегенов.

Оның сөзіне қарағанда, халықаралық қатынастар бойынша да билет бағасы артпайды.

Cонымен қатар ол Ресеймен салыстырғанда Қазақстандағы ішкі тарифтер 3,5 есеге арзан, ал Украинамен салыстырғанда екі есеге төмен екенін атап өтті.