Жаңа қонысқа ие болған қызметкерлерді «Қазақстан темір жолы» АҚ Қызылорда темір жол бөлімшесінің басшысы Амангелді Арысбаев, СК Базис компаниясы №2 филиал директоры Марат Көпешов және аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Жанұзақов құттықтады. Тұрғын үй салу жұмысы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жаңару мен жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасады.
19:30, 02 Желтоқсан 2014
Темір жол саласы қызметкерлері пәтерлі болды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Арал ауданындағы Сексеуіл елді мекенінде темір жол саласы қызметкерлеріне жаңадан бой көтерген 2 пәтерлі 8 қызметтік тұрғын үй кілті табысталды,деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.