Астана. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бостон метросында 33 жастағы мас адам темір жолға құлап кеткен. Басымен қатты соғылған ол есінен танып қалған. Оқиға пойыздың келуіне бірнеше минут қалғанда болған. Бірақ сол маңда жүрген жолаушылар жедел қимылдап, оны көтеріп алып шықты. Кейіннен диспетчерлердің жағдайға тез арада ықпал жасағандығы белгілі болды. Олар стансаға жақындап қалған барлық пойызды дер кезінде тоқтатып үлгерді. Ал зардап шегуші басынан жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды 24.kz.
10:03, 01 Қазан 2013
Темір жолға құлап кеткен мас адам бірнеше пойыздың кідіруіне себеп болды
Темір жолға құлап кеткен мас адам бірнеше пойыздың кідіруіне себеп болды